object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-16 05:18:50.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ЛИТВАЛЫҚ ПРОФЕССОР

Бүгін Baitursynuly University-де Vytautas Magnus University оқу орнынан келген қонақты қарсы алды. Экономика ғылымдарының докторы, профессор Влада ВИТУНСКЕНЕ ҚӨУ-ге «Шетелдік ғалымдар» бағдарламасы аясында келді.

Мақсаты – ҚӨУ-дің экономика және құқық факультеті оқытушыларымен тәжірибе алмасу.

Ертең профессор «Циркулярлы экономиканың тұжырымдамасы: зерттеулерде, студенттерді оқытуда және практикада» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізеді.

Жоспарда ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өкілдеріне арналған семинар, студенттерге шеберлік сабағы, бизнес-процестерді оңтайландыру бойынша кеңестер бар.

Сондай-ақ, Қостанай және Литва жоғары оқу орындары арасындағы қос диплом бағдарламасы бойынша болашақтағы ынтымақтастық мәселесі жеке қарастырылады.

Vytautas Magnus University мен ҚӨУ арасында орныққан мықты академиялық байланыс бар.

Жұма күні профессор ВИТУНСКЕНЕ «Байтұрсынұлы оқулары – 2025» аясында баяндама жасайды.

Қабылдау комиссиясы