object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 13:57:25.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ!

Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінде ботаника саласы бойынша өткен III Халықаралық олимпиадаға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 6В05101-Биология білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері қатысты.

Олимпиада екі кезеңде өтті: бірінші кезеңде студенттер тест тапсырмаларын орындады, екінші кезеңде қатысушылар жобаларын қорғады (аймақ флорасын талдау).

Олимпиадаға Қазақстан мен ТМД елдерінен 28 команда қатысты. ҚӨУ-нің командасы сынақтардан сүрінбей өтіп, 3-орынға ие болды. Оқу ордамыздың студенттері Ранис Ахметов, Карина Ашимова, Елизавета Мальцева және олардың жетекшілері биология ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлнар Сұлтанғазина, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Юлия Новак ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Биология, экология және химия кафедрасының студенттері мен оқытушыларын жеңістерімен құттықтаймыз, жаңа жетістіктер мен ғылыми зерттеулерде табыс тілейміз!

Қабылдау комиссиясы