object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-27 08:23:29.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Арман тәжірибесі

Біз сіздерді үйден мыңдаған шақырым жерде өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан Baitursynuly University студенттерімен таныстыруды жалғастырамыз.

Бүгін Германияның ішкі аймағындағы өмір, неміс кәсіпорындарындағы темірдей тәртіп және алдынан ашылған перспективалары туралы Асхат НЕСІПБАЕВПЕН әңгімелесеміз.

-Мен мұндай мүмкіндік туралы екінші курста білдім, бірақ ол кезде дайын емес едім, - деп мойындайды Асхат. – Ал биыл осы ойларымды жинақтадым да, осында келдім. Қолдау көрсеткені үшін университетіміз бен агрономия кафедрасына айрықша алғыс!

Тәжірибенің бірінші кезеңі Майндағы Франкфуртта ауқымды семинардан басталды. Кейін Асхат неміс ауылында орналасқан Laußig ot Gruna кәсіпорнына бөлінді. Бұл шағын елді мекен, онда студентіміз Қарасу ауданынан көптеген жерлестерін кездестірді. Өзін бірден үйде жүргендей сезінді.

-Жергілікті тұрғындар да мені жылы қабылдады, - деп күлді шәкіртіміз. – Әрине, бастапқыда сөйлесу жағы қиын болды. Кейін біз басшымен былай келістік: ол кейбір сөздерді қайталайды, ал мен оларды тезірек есте сақтаймын. Қазіре сөйлесе аламын, түсіне бастадым.

Асхат тәжірибеден өтіп жатқан кәсіпорын күздік дақылдар егеді. Студент жылыжайларда, егістіктерде жұмыс істейді, өзі үшін жаңа ауыл шаруашылығы техникасы мен жаңа технологияларды игеріп жүр.

-Жұмыс істеу өте ыңғайлы, бәрі автоматтандырылған, - дейді ол. - Кәсіпорындардағы темірдей тәртіп таң қалдырды. Мұнда бәрі уақытпен. Бір істегеніңді қайта дұрыстамайсың, кесте өте айқын. Жалпы, мен өзім үшін ауыл шаруашылығы саласында ғана емес, көптеген перспективаларды көрдім.

Саяхаттау зор әсер қалдырды. Асхат бүкіл Германияны аралап, көрікті жерлерімен, тұрмысымен, мәдениетімен танысты. Парижге барды, ол ұмытылмас әсер қалдырды.

Асхат Қостанайға қазан айында оралады. Алда көптеген жоспарлар, жаңашылдықтар мен саяхаттар күтіп тұр!

Қабылдау комиссиясы