object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-02-24 18:36:02.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Өндірістік тәжірибе және кәсіби бағдар: болашаққа қадам

Baitursynuly University «Тарих» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Қостанай мектептерінде өндірістік тәжірибеден өтуде. Олар сабақтарын дәстүрлі және жаңартылған әдістерді қолдана отырып өткізеді.

Әр сабаққа студенттер мұқият дайындалып, мектеп оқушыларын қызықтыру үшін интерактивті тәсілдерді пайдалануға тырысады. Жаңа тақырыптарды түсіндіру барысында «Ми шабуылы», «Ойлан - бөліс», «Күтпеген сұрақтар», «Сингвинг», «Ассоциациялар», «Қуаныш шеңбері», «Мозаика жинау» және басқа да әдістерді қолданады.

Тәжірибемен қатар, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының студенттері мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Мысалы, студент Дана Каримованың бастамасымен Baitursynuly University-не Бауыржан Момышұлы атындағы №5 мектептің 11-сынып оқушылары келді.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Серікжан Исмаилов мектеп оқушыларын «Тарих» және «Мұрағаттану, құжаттану және музей ісі» білім беру бағдарламаларымен, сондай-ақ болашақ мамандықтардың ерекшеліктерімен таныстырды.

Болашақ талапкерлер Ахмет Байтұрсынұлы музейіне барып, ұлы ағартушының өмірі мен қызметі туралы мағлұмат алды. 4-курс студенті Даниил Тупиков қонақтарға кафедра жанындағы археологиялық музей бойынша экскурсия жүргізді. Сондай-ақ, мектеп оқушылары археологиялық зертхана студенттері мен оқытушылары ұйымдастырған «Ежелгінің жаңғырығы» атты шағын ойынға қатысты.

Қабылдау комиссиясы