Мастер-кластар барысында қатысушылар заманауи цифрлық құралдармен, жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен және оларды білім беру қызметінде қолданудың практикалық кейстерімен танысты.
Маңызды жайт: бүгінде университет — бұл тек өзінің ішкі білім беру ортасын дамыту ғана емес.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ қосымша білім беру жүйесін қолдау арқылы өңірдің дамуына үлес қосып, педагогтердің жаңа буынының цифрлық құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етуде.
Осындай іс-шараларды өткізу цифрлық және жасанды интеллект құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ заманауи технологияларды өңірлік деңгейде білім беру практикасына енгізуге бағытталған AI-Sana инновациялық бағдарламасының міндеттеріне сәйкес келеді.
Біздің сенімімізше, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту — баршаға сапалы, заманауи және қолжетімді білімге апарар жол.



