object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-02 01:03:57.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Өзіңді тану және өз жолыңды таңдау

Baitursynuly University-де «Психология» пәні бойынша «Жеке типологиялық тұлғалық ерекшеліктер» тақырыбында ашық практикалық сабақ өтті.

Оны «Тарих», «Тарих және қоғамтану» білім беру бағдарламаларының студенттерімен психология кафедрасының оқытушысы Зарина Омарова жүргізді.

Ашық сабаққа педагогика ғылымдарының магистрі, психология кафедрасының аға оқытушысы Айна Рахматулина қатысты.

Сабақ барысында студенттер «темперамент», «мінез» және «қабілет» ұғымдарымен танысып, олардың өзара байланысын, сондай-ақ темперамент түрлерінің адам мінез-құлқына әсерін талқылады.

Теориялық білімдерін студенттер бірден тәжірибе жүзінде бекітті: өздерінің жеке ерекшеліктерінің оқу процесі мен кәсіби дағдыларды дамытуға қалай әсер ететінін талдады. Бұл ерекшеліктерді мамандық таңдауда немесе оқу барысында қалай ескеруге болатыны жөнінде ой бөлісті.

Ашық сабақ студенттерге қатты ұнады, өйткені өз қызығушылықтары мен жақсы/жаман тұстарын түсініп, онымен жұмыс жасай білу - табысты мансаптық өсудің айқын кепілі.

Қабылдау комиссиясы