object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-06-22 02:49:03.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ДАЛАЛЫҚ тағылымдама

Baitursynuly University Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының студенттері үшін каникул халықаралық жобаға қатысудан басталды.

Даниил Христинецкий 2 КУРСТА («Биология» білім бағдапламасы) оқиды және ҚӨУ бердвотчерлер клубының мүшесі.

Ол тағылымгер ретінде мамыр айының 19-нан маусымның 15-не дейін PyroDiv - The Influence of Pyrodiversity on Biodiversity in Temperate Grassland Ecosystems ( Пирогендік алуантүрліліктің шөптісін қоңыржай ендіктердің шөптесін биоалуантүрлілігіне әсері) халықаралық жобасына қатысты.

Жұмыс мақсаты – Қазақстан даласындағы өрттер мен биоалуантүрлілік арасындағы режимнің өзара байланысын зерттеу.

ҚӨУ студенті биоәртүрлілікті сақтаудың қазақстандық қауымдастығы (БСҚҚ) қызметкерлерімен, Орталық Қазақстандағы (Ақмола Қарағанды облыстары) Қазақстан, Германия ғалымдарымен бірге қараусыз қалған жерлер мен мал жаюдың азаюы пирогендік алуантүрлілікке қалай әсер ететінін зерттеді. Сонымен қатар бұл процестерді реттеуге шөпқоректілер (киіктер мен үй жылқылары) мінез-құлқының ролі де қамтылды.

Қашықтан зондтау мен (1985-2023жж) мен тұяқтылар телеметриясының мәліметтерін пайдалана отырып, ғалымдар пирогендік алуантүрлілік пен оның өсімдіктер, құстар, сүтқоректілер мен бірқатар жәндіктердің биоалуантүрлілігіне еткен әсеріне сандық баға берді.

Жобаның нәтижелері дала ландшафттарының сақталуы мен қайта қалпына келтіру стратегиясын жасауға көмектеседі.

Біздің студенттердің халықаралық жобаларға қатысуы университеттің, студенттік бердвотчер клубының БСҚҚмен тығыз байланысының арқасында мүмкін болды.

Қабылдау комиссиясы