object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-24 18:44:48.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЮ: МАМАНДЫҚҚА ЖАҚЫН!

Қостанай өңірлік университеті студенттердің өзінің болашақ кәсібіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқу жылы ішінде ЖОО-ның бітіріп кеткен белгілі түлектерімен, ірі ұйымдардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастыратын болады.

Мәселен, бүгін оқу орнының қабырғасында "Құқықтану", "Маркетинг", "Халықаралық құқық" мамандықтарының студенттері үшін Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Әлия Аманжоловамен диалог алаңы ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қонақ қатысушыларға департаменттегі жұмыс ерекшеліктері, оның құрылымы, функциялары мен негізгі міндеттері туралы айтып берді. Сондай-ақ, спикер өзінің кәсіби қызметін мемлекеттік органдармен байланыстырғысы келетін үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар мәселелерін қозғады.

Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі екі ведомствоның А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ және Қостанай облысы Әділет департаментінің өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюы болды.

Қол қойылған шарт, ең алдымен, университет студенттеріне департамент базасында өндірістік практикадан өтуге, сондай-ақ ұйымдар арасында, оның ішінде ғылыми зерттеулер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Қабылдау комиссиясы