object(DateTime)#1060 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-11-19 13:01:10.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Қызыл төсті қаздың ұшу жолы

Белгілі орнитолог Baitursynuly University студенттеріне дәріс оқыды.

Кездесу ҚӨУ-нің педагогикалық институтының жаратылыстану пәндері кафедрасында студенттік құстарды бақылау үйірмесі аясында өтті. Болашақ биологтарға Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының (АСБК) облыстық филиалының жетекшісі және Қазақстандағы тұңғыш «Алты-Сай» экосаябағының директоры Алексей Тимошенкомен сұхбаттасу сәті түсіпті.

Алексей - Солтүстік Еуразияның орнитофаунасын зерттейтін халықаралық жұмыс топтарының мүшесі, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының жануарлар әлемі табиғат мониторингі бойынша жетекші маманы және Мензбиров орнитологиялық қоғамының мүшесі.

Қонақ студенттермен «Қызыл төсті қаздың ұшу жолындағы негізгі орындарды сақтау» халықаралық жобасының нәтижелерімен бөлісті. Мақсат – дүниежүзілік деңгейде жойылып кету қаупі бар аталмыш құс түрін сақтап қалу. Жоба Румынияда (қыстау орны ретінде) және Қазақстанда (көші-қон кезінде шоғырлану және демалыс орны ретінде) жүзеге асырылады.

Сонымен қатар құстарды зерттеудің заманауи әдістері мен ғылымдағы жетістіктер талқыланды. Алексей Тимошенко студенттердің еріктілер қатарында ғылыми жобаларға қатысуларының маңыздылығы жайында да айтып өтті.

Қабылдау комиссиясы