object(DateTime)#1052 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-21 16:19:09.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Қалам бастаған қадам

«Жаңа Өмір» қоғамдық-саяси танымдық газетінің бас редакторы, “Торғай Media-A” ЖШС директоры Амангелді Ахметжанов ҚӨУ-дің «Журналистика және коммуникациялық менеджмент» кафедрасының қазақ бөлімінің студенттерімен кездесті.

“Жаңа өмір” газеті - 2025 жылдың наурыз айында ғана ашылған сиясы кеппеген жас газет. Қостанай облысы бойынша таралады.

Жиынның басты мақсаты – болашақ журналистермен танысу, оларға тәжірибе жинауға жол ашу және алғашқы еңбек қадамында қолдау көрсету.

Кездесуде Амангелді Ахметжанов газеттің қалай дүниеге келгенін, оның қоғамдағы орнын және алдағы уақытта көтеретін өзекті тақырыптарын баяндады.

Сондай-ақ, ҚӨУ мен “Торғай Media-A” ЖШС арасында меморандумға қол қоюға деген ниетін білдірді.

Студенттер де белсенділік танытып, журналиске қызықты сұрақтар қойып, пайдалы ақпаратқа қол жеткізді.

Кездесу нәтижесінде ҚӨУ студенттерінің жазбалары алдағы уақытта «Жаңа Өмір» газетінде жарық көрмек.

Қабылдау комиссиясы