Бүгін Baitursynuly University-де профессор Peter Dolan (АҚШ) алғашқы дәрісін өткізді.
Профессор ҚӨУ-ге University of Minnesota Morris университетінен келіп, 18 қазанға дейін жұмыс істейді.
ДӘРЕЖЕ
ҒЫЛЫМИ қызығушылықтары: биоинформатика, деректерді талдау және биологиядағы статистикалық әдістер.
Сонымен қатар, америкалық университетте әкімшілік міндеттер атқарады: статистика және деректер ғылымы факультетінде оқу сапасын бағалаумен айналысады.
ҚӨУ студенттері үшін Computer Science бағдарламасы бойынша АҚШ профессоры дәрістер мен практикалық сабақтар өткізеді.
Бүгін оның алғашқы дәрісі өтті: профессор пәнді таныстырып, студенттермен пікір алмасты.
Айта кетейік, ҚӨУ мен University of Minnesota Morris университеті арасында Computer Science бағдарламасы бойынша қос диплом алу жөнінде келісім бар.
Біздің студенттер осы бағдарлама бойынша белсенді білім алып, АҚШ-тағы оқуға дайындалуда.
ЖАҚЫН АРАДА профессор мен Computer Science студенттерімен сұхбат шығады!!!