Baitursynuly University ветеринариялық медицина кафедрасында студенттер мен ЖШС «Турар» өкілдері арасында кездесу өтті.
Бас ветеринарлық дәрігер Валерий КОЗЛОВИЧ және өндірістік-тауарлық кешеннің басқарушысы Жандос КУШЕКБАЕВ студенттерге жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері туралы айтып берді және «Ветеринария» мамандығының студенттерін практикалық бағытталған сабақтарға, оқу және өндірістік практикаға шақырды.
Кездесу ветеринариялық медицина кафедрасының меңгерушісі Марат АУБАКИРОВ, жұмысқа орналастыруға жауапты Евгения ЕРЕНКО және кафедраның аға оқытушысы Журсин СЫЗДЫКОВ жетекшілігімен өтті.