object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-25 20:18:01.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Ұлттар үндестігі: бір дастарқанда

ҚӨУ-дің педагогикалық институтындағы Қазақстан тарихы кафедрасының студенттері өлкетану пәнінен өзгеше сабақ өткізді. Бұл – қарапайым дәріс емес, дәм мен дәстүр, тарих пен тағылым үйлесім тапқан тағылымды басқосу болды.

Профессор, педагог Айбек Шалгимбековтың сабақты ерекше қырынан ұйымдастыратынына студенттер әлдеқашан үйренген. Бұл жолы да ол шәкірттерін жаңа таным жолына жетеледі.

– Шәкірттерімнің еңбегі елеулі, – дейді Айбек Батырханович. – Қазақстан халқының бірлігі күнін біз тек мерекелік сипатта емес, тарихи-өлкетанулық мазмұнда қарастырдық. Студенттер Достық үйінде этноорталық өкілдерімен жүздесіп, өңіріміздегі түрлі ұлт өкілдерінің қалыптасу тарихы туралы материалдар тапты. Ең қызығы - олар отбасындағы көпті көрген қариялар мен ата-аналарынан естеліктер жинап, солардың негізінде шығармашылық бейнесюжеттер түсіре отырып өз жобаларын сәтті қорғады.

Осы аптада өлкетану жұмысының қорытындысы ретінде өткен викторина шығармашылық ізденістің нәтижесі болды. Музейлер мен көше бойларынан, саябақтардан, тарихи орындардан алынған бейнетапсырмаларды студенттердің өздері әзірледі. Бұл – болашақ ұстаз үшін таптырмас тәжірибе. Сабақты қызықты етіп өткізу – шынайы шеберлік пен шабыттың жемісі.

Мереке қарсаңындағы үлкен жұмыстың шарықтау шегі – шырайлы шай дастарқанына ұласты. Студенттер әр ұлттың тағамын өз қолымен әзірлеп, оны жасау жолын бейнероликтер арқылы көрсетті. Сөйтіп қазақ, орыс, украин және тағы басқа да халықтардың дәмі мол тағамдары бір дастарқанда тоғысты. Бір сөзбен айтқанда, шәй үстінде де білім мен бірлік жарасым тапты.

Қабылдау комиссиясы