25 ақпанда Көкшетау қаласында «Қазіргі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: тенденциялар, проблемалар, перспективалар» тақырыбында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтарының съезі өтті, оған 300 делегат қатысты. Жиында алғашқы болып Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сөз сөйледі: «Бүгінгі басты міндет – оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту. Өйткені қазіргі балалар өзгеше. 3 жасар баланы 20 минут бойы отыруға және ақпаратты қабылдауға мәжбүрлеу дұрыс емес. Білім беру жүйесін қайта құрып, оқытудың басым бөлігін балалармен ойнауға арнау керек, ал бағдарламалардағы икемділік, типтік оқу жоспарлары – уақыт талабы».
Съезге педагогика ғылымдарының кандидаты А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессоры Сәуле Байжанова қатысты.
Ол съезд жұмысы барысында мектепке дейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары мазмұнының жаңартылған бағытын іске асыру мәселелері қарастырылғанын, жоғары сапалы диагностиканы іс жүзінде жүргізудің тиімді жолдарын анықтау және әртүрлі типтегі мектепке дейінгі білім беру, тәрбиешілердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бағдарламаларының тәжірибесін негіздейтін, қайта даярлауды, балаларға білім беру қызметін көрсететін ұйымдарының қызметін мониторингілеу мәселелері қарастырылғанын атап өтті.