object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 07:29:51.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Педагогикалық мамандықтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтында «Бос орындар жәрмеңкесі-2021» онлайн режимде өткізілді, онда студенттер - педагогикалық мамандықтардың түлектері, сонымен қатар Қостанай қаласы мен Қостанай облысының білім беру мекемелері мен ұйымдарының басшылары қатысты.

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі - бұл жыл сайынғы университет үшін ғана емес, сонымен қатар аймақ үшін маңызды оқиға, бұлай айтуға аталмыш жәрмеңкеге қатысушылар санының көптігі себеп. Қостанай облысының 12 ауданынан, 4 қаласынан 153 өкіл қатысты.

Өзінің алғы сөзінде Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институт директорының міндетін атқарушы, п.ғ.к., профессор Бибікүл Өтегенова А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-і жаңа формациядағы, тәжірибеде сұранысқа ие және қалыптасқан елдерде бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды даярлап жатқанын атап өтті: «Педагогикалық бағыт әрдайым еңбек нарығының білікті кадрларға деген қажеттіліктерін ескереді, ал білім беру саласындағы мамандарды даярлаудың білім беру бағдарламаларының мазмұны педагогикалық кадрлардың үздіксіз жаңаруы мен біліктілігін арттыруға бағытталған. Сондықтан біздің түлектерге мектептерде және басқа оқу орындарында сұраныс бар».

Алдымен жұмыс берушілер педагогикалық бағыттың түлектері туралы ақпарат алды. Биылғы жылы университет 20 педагогикалық білім беру бағдарламасы бойынша 490 маманды дайындап шығарды, оның 319-ы мемлекеттік білім беру грантымен, 171-і келісім-шарт негізінде, өз қаражаты есебінен білім алған студенттер. «Серпін» әлеуметтік бағдарламасы бойынша 9 білім беру бағдарламасы бойынша 52 түлек бітіреді.

Жәрмеңке қарсаңында Қостанай қаласы мен Қостанай облысындағы білім ұйымдарынан бос жұмыс орындары туралы 153 өтініш түсті. Осы өтініштер негізінде 460 бос жұмыс орны бар жұмыс банкі құрылды.

Педагогикалық мамандардың негізгі «тапсырыс берушілері» аудандық және ауылдық мектептер, сондықтан университет студенттерді еңбек жағдайына бейімделуі үшін сол жерге педагогикалық практикаға жіберуге тырысады. Айтпақшы, кейбір түлектердің қолында жұмысқа орналасу туралы өтініштер бар.

Қабылдау комиссиясы