object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 21:40:38.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Педагогикадағы тәжірибе алмасу

В.Двуреченский атындағы ауылшаруашылық институтының өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасында «Қашықтықтан оқытудағы білім беру бағдарламалары курстарын педагогикалық жобалау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Модераторлар: Айгүл Амандықова – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасының меңгерушісі; Карина Жанабаева - аға оқытушы.Іс-шараның мақсаты - жаңартылған орта білім беру және қашықтықтан оқыту жағдайындағы кәсіптік практика шеңберінде студенттердің педагогикалық қызметін жетілдіру, өзара әрекеттесуге бағытталған білім беру бағдарламаларын тиімді қолдану. Бұл бағыттар бүгінгі күннің өзекті мәселелері. Дөңгелек үстел қонақтары:

Наталья Божевольная – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Қашықтықтан білім беру институты директорының орынбасары, жаратылыстану ғылымдарының магистрі;

Асқар Мұратов – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Стандарттау, метрология және сертификаттау кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты;

Ғайния Есеева – М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің стандарттау және тамақ технологиялары кафедрасының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты;

Жұлдызай Балғожинова – Қостанай политехникалық жоғары колледжінің технологиялық бөлімінің меңгерушісі;

Әсел Мұқашева – «Қазақстанның стандарттау және метрология институтының» Қостанай филиалының жетекші маманы.

Қашықтықтан оқыту форматына көшу көптеген педагогтар үшін біршама қиындықтар тудырды. Студенттерді қашықтықтан оқуға ауыстыру мәселесі жаңа форматтар мен оқыту әдістерін қабылдауды, көпжылдық тәжірибеден бас тартуды білдіреді. Осыған байланысты сарапшылар қашықтықтан оқыту жүйесінде жұмыс істеудің негізгі проблемалары мен қиындықтарын талқылады және білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде қашықтық формасы мен арнайы электрондық құралдарды енгізу тәжірибесімен бөлісті.

Қабылдау комиссиясы