object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 00:46:36.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Педагог-психологтар арасындағы тәжірибе алмасу

Бүгін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., PhD докторы Абдиркенова Ақбидаш Қапанқызының бастамасымен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Педагогика және психология кафедрасымен бірлескен қонақ-дәріс өткізілді.

Дәріс қонағы – Халел Досмухамедов атындағы Атырау университетінің Педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Казиев Қарас Оржанұлы.

«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттарына «Педагог- психологтың рефлексиялық мәдениеті»  пәнінен «Педагог –психологтардың кәсіби- тұлғалық дамыту үдерісіндегі рефлексия» тақырыбында дәріс оқылды.

Дәріс барысынды Қарас Оржанұлы магистранттарға сабақ тақырыбы бойынша теория мен практиканы ұштастырды, кері байланыс жасау арқылы тыңдаушыларды ерекше қызықтыра білді. Сондай-ақ өз еңбектерімен бөлісе отырып, дәстүрлі және дәстүрден тыс инновациялық әдістерді қолданды, өзінің құзіреттілігін жоғыра деңгейде көрсетті. Зерттеу жұмысының нәтижесінде жасалған «Болашак педагог-психологтардың рефлексиясын дамытудың теориясы мен әдістемесі» атты монографиясымен және зерттеу еңбектерімен таныстырып, магистранттармен рефлексия тақырыбын талдады.

Дәріс Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың Педагогика және психология кафедрасының әдістемелік кабинетінде өтті.

Сабаққа екі университеттің оқытушылары мен магистранттары онлайн және офлайн форматта қатысты.

Қабылдау комиссиясы