Жақында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің Педагогика және психология кафедрасы ҚР БҒМ-нің «Бала жылы» аясында жоспарлаған және білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігін арттыруға бағытталған аймақтық іс-шаралар циклының аясында «Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алудың заманауи технологиялары мен форматтары» атты дөңгелек үстел өткізді.
Аралас форматта өткен шараға өңір мектептерінің педагог-психологтары, 7М01101-Педагогика және психология білім беру бағдарламасының магистранттары, оқытушылар мен шақырылған сарапшылар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында кәмелетке толмағандардың деструктивті мінез-құлқының алдын алу мәселелері талқыланды. Баяндамашылар деструктивті мінез-құлықты диагностикалау және психологиялық түзету мәселелерін қозғады, дағдарыс жағдайларында оқушыларды қолдау бойынша педагог-психологтардың жұмыс тәжірибесін қорытындылады, сондай-ақ жасөспірімдердің тұлғааралық қақтығысын алдын алудың авторлық бағдарламасы ұсынылды. Баяндамалар тың ақпараттарға, ұтымды ұсыныстарға толы болды.
Дөңгелек үстелге қатысқан сарапшылар: Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының психологиялық қызметінің меңгерушісі Галина Абдурашитовна Ислямоваға, «Эмпатия» психологиялық орталығының және кафедра филиалының басшысы Гаухар Молдабековна Молдахметоваға кафедра оқытушылары ерекше алғысын білдіреді.
Дөңгелек үстелдің сілтемесі:
https://drive.google.com/drive/folders/1q_shsWjBfw8RpkO1CBIcDLxWZTkKjuxR?usp=sharing