object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-22 14:28:15.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Педагог мамандарды даярлау сапасын арттыру

21 сәуірде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламалары түлектерін даярлау сапасын арттыру» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге 50 адам қатысты, олардың көпшілігі мүдделі тараптардың өкілдері, мектеп директорлары мен олардың оқу жөніндегі орынбасарлары, білім беру басқармасының әдіскерлері, колледж директорлары мен директордың орынбасарлары, сондай-ақ институт кафедраларының оқытушылары және KUTEL электронды курсында оқыған оқытушылар.

KUTEL жобасының негізгі мақсаты – технологияларды қолдана отырып, білім беру сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін енгізу арқылы аккредиттеу стандарттарын, технологияларды негізге алатын курстар мен ұлттық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтар / процедураларды жетілдіруге және енгізуге кепілдік беретін Қазақстандағы жоғары білім жүйесін реформалау мен модернизациялауға жәрдемдесу.

Дөңгелек үстелдің өтуіне KUTEL Халықаралық жобасының мүшелері мұрындық болды. Іс-шараның модераторы – Наталья Кифик.

Дөңгелек үстел барысында оқу ордамыздың оқытушысы Виктория Бежина. «ЖОО оқытушыларының университеттегі, оқу жүйесіндегі, оның ішінде TEI технологияларын қолдана отырып, сапа кепілдігі бойынша оқу нәтижелерін талдау» тақырыбында баяндама оқыды. Руслан Бекмағамбетов «Жаңа технологияларды қолданып оқытудағы сапаны қамтамасыз ету үдерістерін жақсартудағы Қазақстан университеттеріне халықаралық KUTEL жобасының сапа кепілдігі процестерінің әсері» атты баяндамасымен дөңгелек үстел қатысушыларын таныстырды.

Қабылдау комиссиясы