object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 09:24:14.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Педагог кадрларды даярлаудың заманауи үрдістері

2020 жылдың 07 желтоқсанында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен А.Байұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, сонымен қатар Республикамыздың өзге де ұлттық және өңірлік педагогикалық оқу орындарының қатысуымен «Педагог кадрларды даярлаудың заманауи үрдістері» атты онлайн семинар өтті.

Жаңа формациядағы мұғалімдерді даярлау үшін педагогикалық жоғары оқу орындарының әлеуетін арттыру мақсатында "012 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы" және «013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыттары бойынша педагог кадрларды даярлаудың заманауи үрдістері талқыға алынып, ұсыныстар жасалды.

Семинарда жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау, педагогикалық ғылымды және озық зерттеулерді дамыту үшін жоғары оқу орындарының әлеуетін арттыру мәселесі көтеріліп, негізгі (major) және қосымша (minor) білім беру бағдарламаларының сапасы, оның еңбек нарығы мен аймақтық сұранысты қамтуы жайында айтылды.

Сонымен қатар, жұмыс беруші мен стейкхолдерлердің білім беру бағдарламаларының сапасын арттырудағы ролі ортаға салынып, білім алушылардың жұмысқа орналастырылу мәселелері қарастырылды.

Қабылдау комиссиясы