object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 08:41:33.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ, ЖАРАЙСЫЗДАР!

Сәуір айында Қазақстанның жоғары оқу орындары студенттері арасындағы Республикалық пәндік олимпиада аяқталды. Бұл білім додасында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері жақсы нәтиже көрсетті. Естеріңізге сала кетейік, «Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша ҚӨУ-нің командасы 1 орынды жеңіп алып, осы пәннен келесі оқу жылында өтетін XVI республикалық олимпиаданы өткізу құқығына ие болды.

Сонымен қатар, 6В02201 – Тарих білім беру бағдарламасының 2-4 курс студенттері мен олардың жетекшілері – әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Гүлмира Саметовадан құралған команда 14 оқу орны қатысқан екі күндік тартысты ойында 3-орынға ие болды.

Тағы бір 3-орын «Шетел тілдері» мамандықтар тобы бойынша Шетел филологиясы мамандығының 3 курс студенті Тұмар Манабаеваға бұйырды.

Ал Қазақстанның 18 жоғары оқу орындарының 54 үздік студенті қатысқан психология пәні олимпиадасында Экономика және құқық институтының психология кафедрасының студенттері 3-ші орынға лайық деп танылды. Студенттерді кафедрасының аға оқытушысы Олеся Елчищева бастап барды. Айта кету керек, психологтар бұл олимпиадаға бірінші рет қатысып отыр.

6В08101-Агрономия ББ-ның 3 курс студенті Дмитрий Бондарук та 3 орынды иеленді, Дмитрий жетекшісі, агрономия кафедрасының аға оқытушысы Динара Құлтаевамен бірге мұндай олимпиадаға алғаш рет қатысты және 18 ЖОО-ның 30 студенті арасындағы жекпе-жекте үздіктер қатарынан табылды.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында өткен XV Республикалық пәндік олимпиадада жеке біріншілікте 6В09102-Ветеринариялық санитария мамандығының 3-курс студенті Дельназ Жакеева 3-орынды  жеңіп алды.

Республикалық пәндік олимпиаданың барлық жеңімпаздары мен қатысушыларын, сондай-ақ олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз, биіктен көрініңіздер!

Қабылдау комиссиясы