6 ақпан күні Қостанайда жастар арасындағы нашақорлықпен күресудің маңыздылығы талқыланды.
“Жастар сарайында” өткен іс-шараға Baitursynuly University әскери кафедрасының студенттері мен оқытушылары, кафедра басшысы, полковник Олег Оборин бастаған топ қатысты.
Қостанай гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі Ермек Ельмухамбетов нашақорлықтың таралуы мен оны қолдануға қарсы күрес бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ, қатысушыларға нашақорлықтың алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетілді.