object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-22 15:16:06.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Арнайы тәсіл

Қостанай қаласы, Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогика институтының Қазақстан тарихы кафедрасында оқитын 3-4 курс студенттері үшін инклюзивті білім беру бойынша әдістемелік семинар өтті.

Айнаш АНАСОВА жетекшілік еткен іс-шара «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнайы тәсілмен оқыту әдістемесі» пәні аясында ұйымдастырылды.

Қостанай қаласындағы №15 жалпы білім беретін мектептің ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары, педагог-зерттеуші Нургуль СУЛЕКИНА студенттерге инклюзивті білім берудің ерекшеліктерін таныстырып, әрбір бала жайлы және дамушы ортада білім алуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тиімді әдістер мен тәсілдерді ұсынды.

Семинар соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, қызықтырған сауалдарын қойды. Көпшілігі ұсынылған ақпараттың құндылығы мен практикалық өзектілігін атап өтіп, Baitursynuly University мен мектеп арасындағы ынтымақтастық маңыздылығын айқындай түсті.

Қабылдау комиссиясы