object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 22:59:06.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Орталық Азия елдеріне арналған онлайн презентация

26 қаңтарда Zoom платформасында Орталық Азия елдері үшін әлеуметтік желілердегі Covid-19 туралы жалған ақпараттың контент-талдауының онлайн-презентациясы өтті.

Бұл зерттеуге Орталық Азиядағы соғыс пен бейбітшілікті баяндау институтының (IWPR CA) қолдауымен Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан сияқты елдер қатысты. Зерттеу жұмыстары 2020 жылы жүргізіліп, журналистика факультетінің оқытушылары мен студенттеріне оқу-әдістемелік құрал ретінде дайындалды.

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының студенттері кафедра меңгерушісі Амангелді Шөрентаевтың жетекшілігімен және басқа да ғылыми қызметкерлермен, сарапшылармен бір командада жұмыс істеу құрметіне ие болды. Енді оқытушыларымыз бен студенттеріміздің есімдерін оқу құралының беттерінен табуға болады.

Зерттеудің презентациясы аясында «Орталық Азиядағы жаңа медиа және цифрлық журналистиканы дамыту» жобасы таныстырылды, оның негізгі мақсаты – жаңа цифрлық контентті тиімді пайдалануға түлектер мен тәжірибелі журналистерді дайындау.

Презентация соңында ҚӨУ-нің студенті Юлия Стеценко контент-анализ бойынша жұмыс кезіндегі қиындықтармен, әсерімен бөлісті.

Пандемия кезінде цифрлық ақпаратты дамытуға қосқан зор үлесі үшін журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасын құттықтаймыз, жетістіктеріңіз көп болсын! 

Қабылдау комиссиясы