object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-21 06:44:05.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ӘЛЕМНІҢ инклюзия саласындағы тәжірибесі

ҚӨУ педагогы инклюзивті білім беру жөніндегі Халықаралық жазғы мектеп жұмысына қатысты.

Кездесу Батыс Грекияда, Ескі Олимпия археологиялық қазба орындарының маңында орналасқан Халықаралық Олимпиадалық академияда өтті (ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысаны).

ҚӨУ педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Людмила Лиходедова National and Kapodistrian University of Athens (NKUA – Greece) және SavvyBusiness sLTD консорциумынан ресми шақыру алды.

Халықаралық іс-шараға әлемнің әртүрлі елдерінен арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы танымал ғалымдар мен мамандар қатысты.

Жазғы мектеп жұмысы XXI ғасырдағы инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелеріне арналды.

Мамандар инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі замандағы өзекті мәселелерге қоғамды бейімдеудің маңыздылығы туралы терең пікір алмасты. Сонымен қатар инклюзивті білім берудегі инновациялық әдістер мен тәжірибелер талқыланды.

Қабылдау комиссиясы