object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 18:25:28.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Онлайн ресурстармен жұмыс істеудің инновациялық әдістері

Әдістемелік инновациялар айлығы аясында шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары Регина Ахметкалиева мен Эльвира Медетова «Білім беру интернет ресурстарына негізделген заманауи онлайн-сабақтарды жобалау» атты онлайн семинар өткізді. Олар француз альянсы негізіндегі тренингтер барысында ұсынылған онлайн-ресурстармен жұмыс жасаудың инновациялық әдістерімен таныстырды. Жаңашыл педагогтар қашықтықтан оқыту жағдайында оқу сабағын тез және тиімді жобалау туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар олар аудио және видео материалдарды тез бейімдеу және интерактивті жаттығулар мен тапсырмалар құру туралы әңгімеледі. Семинарға қатысушыларды әртүрлі типтегі мультимедиялық презентацияларды тез құруға көмектесетін платформалар қызықтырды. Семинарда келесі қосымшалармен жұмыс істеудің негізгі принциптері ұсынылды: https://padlet.com/dashboard, https://jamboard.google.com/, https://wordwall.net/ru/, https://www.mentimeter.com/, https://go.playposit.com/Осындай семинарлар сериясын жалғастыру туралы ұсыныстар бар.

Қабылдау комиссиясы