А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты ұйымдастырған «Инновациялар панорамасы» апталығы аясында «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Ақбидаш Абдиркенова «Қонақ дәріс» ашық онлайн сабағын өткізді. Ашық дәріске «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары қатысты.
Дәріс қонағы – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, PhD доктор Қарас Казиев. Профессор «Педагог-психологтың рефлексиялық мәдениеті» пәні бойынша «Рефлексияның педагогикалық іс-әрекеттегі рөлі» тақырыбында ашық пікір жүргізді. Ол дәріс барысында метафралық әңгімеден бастап, 1 курс магистранттарының, атақ айтсақ, Аягөз Ансағанованың: - Мектепте рефлексияны қалай жүзеге асырамыз? деген сынды біраз сұрақтарға жауаптар алды.
Дәріс барысында Қ.О.Казиев метафоралық әңгімеден бастап, «рефлексия» ұғымына терең тоқталды. Магистранттар дәріске белсенді қатысты, сұрақтар қойды, тақырып төңірегінде қызығушылық танытты.
Онлайн дәріске 60-тан асты профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің докторанттары қатысты.