object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-22 10:48:52.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Еуропаға жол

Еуропаға жол Baitursynuly University студенттері үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы болып табылады.

Бірнеше айдың ішінде-ақ Әлия СЫЗДЫҚ пен Сабина ҚАБДЫЕВА Римде, Парижде, Барселонада, Венада, Будапештте, Миланда, Венецияда, Римде және Амальфиде болды…

Қыздар «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының үшінші курсын Литваның Ұлы Витаутус университетінде бітірді. Жыл бойы Әлия мен Сабина қаржы және есеп саласындағы ең мықты еуропалық мамандардан дәріс алды, ал оқудан тыс уақытта саяхаттады.

" Біз Еуропаның ең көрікті қалаларын аралап, ең танымал мұражайлар мен тарихи ескерткіштерді көрдік, - деп бөлісті Әлия СЫЗДЫҚ. – Біз қазір Италиядамыз. Жақын арада Прагаға баруды жоспарлап отырмыз.|

Еуропадағы демалыстан кейін қыздар Қостанайға үйлеріне қайтады. Төртінші курсты олар Baitursynuly University-де бітіріп, бірден қазақстандық және литвалық жоғары оқу орындарының қос дипломын алады.

Қабылдау комиссиясы