Baitursynuly University жаратылыстану ғылымдары кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы «Қонақ дәрісі» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «География», «Биология» және «Химия» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін жақын шетелдердің профессорларының қатысуымен онлайн-дәрістер топтамасын ұйымдастырды.
«Білім беру туризмінің негіздері» тақырыбындағы дәрісті Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің (Ресей) профессоры Ольга Шульгина оқыды. Лекция барысында туризмнің қалыптасу және даму тарихи кезеңдері, білім беру туризм феномені, сондай-ақ туристік маршруттарды әзірлеу ерекшеліктері қарастырылды. Студенттер дәрісті үлкен қызығушылықпен тыңдап, оның танымдық әрі ақпараттық маңыздылығын атап өтіп, спикерге алғыстарын білдірді.
ҚӨУ-дің аға оқытушысы Гаухар Баубекова Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің «География, шет тілі» мен «География және білім беру туризмі» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін Қазақстанның экономикалық географиясы бойынша шолу дәрісін оқыды. Сабақ барысында Қазақстанның географиялық орны, минералды-шикізат базасы, экономикалық аудандастыру сияқты теориялық аспектілер қамтылып, елдің туристік әлеуеті бойынша шолу жасалды.
Дәріске қатысушылардың айтуынша, жоғары оқу орындары арасындағы академиялық өзара әрекеттестік оқу процесінің мазмұнын байытып, ғылыми-педагогикалық тәжірибе алмасуға ықпал етеді. Бағдарлама аясындағы ынтымақтастық әлі де жалғасатын болады.