object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-07 00:32:05.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«АЛИСА» колонкасының ПАЙДАСЫ

«Интеллектуалдық ауытқулары бар оқушылардың білім алуына көмектесетін «Алиса» ақылды колонкасын пайдалану» – бұл жобамен ҚӨУ студенттері республикалық олимпиадада жеңіске жетті.

Бүгін Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

ҚӨУ атынан Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың 3 курс студенттері Нина Евтух, Юлиана Попилянченко, Эвелина Максутова қатысты. Жетекшісі – аға оқытушы Вера Лемехова.

Олар инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған жобаны дайындады. Жоба ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инновациялық педагогикалық әдістерді қамтиды.

Атап айтқанда, студенттер балалардың жадысын, логикасын дамытуға және диалог жүргізуге көмектесетін «Алиса» колонкасымен өзара әрекеттесу сценарийлерін әзірледі.

Қазылар алқасы жобаның мазмұны мен ғылыми-практикалық маңыздылығын ерекше атап өтті. Нәтижесінде ҚӨУ студенттері 1 орын иеленді!!!

Студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Сендермен мақтанамыз!

Қабылдау комиссиясы