object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 19:29:27.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Оқытудың заманауи әдістері және оқу жетістіктерін бағалау

Студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудағы құзыреттілік тәсіл дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік аспектілері оқу жұмысына арналған инновациялық білім беру технологиялары зертханасы өткізетін оқу семинарлары мен конференцияларында қарастырылады.

Ақпан айының соңында Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның Педагогикалық шеберлік орталығы «Білім берудің жаңартылған мазмұны аясындағы критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында вебинар өткізді, мұнда білім беру жетістіктерін бағалаудың, қашықтықтан білім берудің инновациялық әдістері қарастырылды.

Вебинардың модераторлары: Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры, жаттықтырушы – Елена Онищенко және Педагогикалық шеберлік орталығының маманы Кенжегүл Сағадиева. Олар оқытушылармен білім жетістіктерін бағалау жүйесі туралы ақпараттық әңгіме өткізді, мұнда қатысушылар критериалды бағалау кезеңдеріне қызығушылық танытты. Қатысушылар жоғары кәсіби білім беру жүйесінің жаңа кезеңге қадам басқанын атап өтті, олай айтуға себеп болған - маман даярлаудан кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға көшу үрдісі, бұл өз кезегінде оқытудың заманауи әдістерін қолдану мен тәжірибеде нақты жүзеге асыруды қажет етеді.

Қабылдау комиссиясы