object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 23:55:00.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Оңтүстік өңірдегі кәсіптік бағдар

Қостанай өңірлік университеті 2015 жылдан бастап «Серпін – 2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасын белсенді жүзеге асырып келеді.

Бағдарлама мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік және шығыс, батыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.

Университеттің 4 оқытушысынан құралған жұмыс тобы кәсіптік бағдар беру мақсатында оңтүстік өңірлерге аттанғанын айтқан болатынбыз. Олар бір апта көлемінде осы аймақтың мектеп оқушыларымен, ата-аналарымен кездесіп, оқу орны, ҚӨУ-гі білім беру бағдарламалары жайында ақпарат беруде.

Бүгін университет өкілдері Түркістан облысына қарасты Шұбарсу, Ордабасы, Бәйдібек аудандарының мектеп оқушыларымен кездесті. Айта кету керек, «Серпін» бағдарламасына мектеп оқушылары айтарлықтай қызығушылық танытып отыр, кездесуге әр мектептен 60-тан 150-ге дейін адам қатысып жүр.

Биылғы оқу маусымында студенттерді қабылдау қазақтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналмақ. Осы орайда оқу ордасы 500-ге жуық студентті ҚӨУ-не тартуды көздейді.

Қабылдау комиссиясы