object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-31 21:23:31.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Алғашқы газеттер, «сары баспасөз» және заманауи журналистика

Baitursynuly University журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Лаура ЖОЛДАСПЕКОВА «Шетелдік журналистика» пәні бойынша ашық дәріс өткізді.

Сабақтың тақырыбы – «XVII–XIX ғасырлардағы американдық журналистика». Бұл дәріс 1 курс студенттеріне АҚШ-тағы баспа басылымдарының пайда болуы мен дамуын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Дәріс барысында оқытушы алғашқы газеттер мен баспаханалар, тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі журналистиканың рөлі және оның тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуы туралы жан-жақты баяндады. Сондай-ақ, баспасөз бостандығының қалыптасуы мен XIX ғасырдағы ірі басылымдардың қоғамдық пікірге ықпалына ерекше назар аударылды.

Студенттер «сары баспасөздің» пайда болуы, сапалы басылымдар және журналистика стандарттарының қалыптасуымен танысып қана қоймай, заманауи журналистикамен салыстырып, пікір алмасты. Дәріс ашық диалог форматында өтті, бұл студенттерге шетелдік БАҚ ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Ашық сабақ «Әдістемелік идеялар панорамасы» атты әдістемелік айлық аясында ұйымдастырылды.

Қабылдау комиссиясы