Сапардың мақсаты университетпен алдағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау, сондай-ақ француз тілі оқытушыларымен және «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенттерімен кездесу болды.
ҚӨУ-нің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Эльмира Наурызбаева елші кеңесшісін қарсы алып, серіктестік қатынастар тарихы туралы айтып берді.
Қазақстан мен Францияның университетпен ынтымақтастығы 2004 жылдан бастау алады. Сол кезде Елшіліктің белсенді қолдауымен оқу орнында Француз орталығы ашылып, University of Perpignan Via Domitia университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Бұл келісім бүгінгі күнге дейін өз күшінде.
Осы жылдар ішінде ҚӨУ-дың 40-қа жуық студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Францияда білім алып, француз тілі оқытушылары шетелдік тағылымдамалардан тұрақты түрде өтіп келеді.
Эльмира Кенжегалиевнаның айтуынша, студенттердің дайындық деңгейі мен университеттегі француз тілінің дамуы Франция Елшілігі тарапынан жоғары бағаланды.
Оқытушылар Айша Оспанова мен Гүлнар Жанбуршинова беделді Академиялық пальмалар орденімен марапатталған.
Бүгінде университетте француз тілін екінші шетел тілі ретінде 297 студент оқып жатыр.
Бір қызығы, Себастьен де Куртуа Қазақстанға келмей тұрып-ақ Қостанай туралы естіген. Ол 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда қызмет атқарады.
Baitursynuly University туралы да хабардар болғанын айтты, сонымен қатар ол француз тілін меңгерген мамандардың дайындық деңгейін жоғары бағалады.
Кездесу барысында француз тарапы ынтымақтастыққа жаңа серпін беруді ұсынды. Атап айтқанда:
Елшілік өкілдері сондай-ақ педагогикалық институттың шетел тілдері кафедрасының «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенттерімен кездесіп, ҚӨУ-дың Француз орталығын аралап көрді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қостанай өңірлік университеті француз тарапының ұсыныстарын қабылдап, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.








