object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-02 15:24:49.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Baitursynuly University Қазақстан-Америка университеттер консорциумының құрылтайшылар жиналысына қатысты.

Satbayev University-де өткен шара 19 америкалық және 20-дан астам қазақстандық жоғары оқу орындары үшін диалог алаңына айналды. Біздің университетті халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық басқармасының бастығы Нағима МАНАСБАЕВА таныстырды.

Консорциум мүшелері екі ел университеттері арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Студенттермен алмасу, бірлескен оқу бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми жобалар, инновациялар және т.б. бағыттарды қарастырды.

Еске сала кетейік, Baitursynuly University америкалық жоғары оқу орындарымен белсенді түрде ынтымақтасады. Осы оқу жылында ҚӨУ АҚШ-тың жетекші зерттеу университеттерінің бірі – University of Minnesota Morris-пен қос дипломды білім беру бағдарламасын іске қосты.

Қабылдау комиссиясы