object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 08:13:03.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҮНДІСТАНМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Зерттеулер, инновация және цифрландыру жөніндегі проректор Жеңіс Жарлығасов Үндістан Елшілігінің «Свами Вивекананда» мәдени орталығының директоры Санджай Веди мырзамен кездесті.

Кездесу барысында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің студенттері мен магистранттары, докторанттары үшін Үндістанның жоғары оқу орындарына академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша білімдерін толықтыру мәселелері, сонымен қатар профессорлар мен оқытушылардың ағылшын тілі курстарынан өту шарттары талқыланды.

Үнді университеттерімен бірге ғылыми, халықаралық жобаларға қатысу, ғылыми басылымдар дайындау жоспарда бар.

Сондай-ақ, Санджай Веди мырза «Шетел тілі: екі шет тілі» және «Шетел филологиясы» мамандықтарының студенттері мен магистранттары үшін «Үндістан: Қазақстан студенттерінің академиялық мүмкіндіктері» тақырыбында ашық дәріс оқыды, онда стипендиялық бағдарламалардың артықшылықтары түсіндірілді.

Қабылдау комиссиясы