object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 22:36:13.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Өндірістік тәжірибе бойынша есеп берді

1 сәуірде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерінің өндірістік практикасы бойынша қорытынды конференция өтті. Студенттер Қостанай қаласының №44 және №15 балабақшаларында тәжірибеден өткендері туралы есеп берді. Іс-шарада педагогикалық институт директорының мансап және жұмыспен қамту бойынша орынбасары Нұргүл Жамангузова, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі Елена Ли сөз сөйледі.

Тәжірибе қашықтық форматта өткеніне қарамастан, практикант студенттер сабақтарға дайындалу барысында әртүрлі әдістемелер мен технологияларды пайдаланды, бейне-сабақтар, интерактивті ойындар, жеке онлайн-консультациялар өткізді. Оқыту WhatsApp мессенджері платформаларында, ZOOM конференциясында, жеке Youtube арналарында жүргізілді. Ата-аналармен кері байланыс жақсы жолға қойылды, олар балалардың тапсырмаларының фото және бейне есептерін жіберіп отырды.

Тәжірибе жетекшісі Сәуле Байжанова. Эльвира Тоғаеваны, Индира Сәрсенбаеваны, Думан Казезді, Диана Искакованы атап өтті. Кафедраның оқытушылары Ульяна Капитанец және Анастасия Агеева 1 және 2 курс студенттеріне ақпараттық технологияларды қолдана отырып, вебинар және оқыту тренингін жоспарлауды ұсынды.

Конференцияға қатысушылар өткізілген іс-шараның жоғары нәтижелілігін және болашақ түлектерді жұмысқа орналастыру перспективаларын атап өтті.

 

Қабылдау комиссиясы