ӨЛКЕТАНУДЫҢ ғылыми қырлары

ҚӨУ студенттері Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының маманы Андрей Андрющенкомен жүздесті.

Сарапшы ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы 6B02201 білім беру бағдарламасының «Тарих» бағыты бойынша білім алып жатқан жастар алдында сөз сөйледі.

Андрей Валентинович аймақтың табиғаты мен экологиясын ғылыми тұрғыдан зерттеудің маңызына және бұл бағыттағы жұмыстардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды.

Дәріс барысында студенттер «Тарихи-өлкетану жұмысының әдістемесі» пәні бойынша құнды мағлұматтар алып, танымдарын кеңейтті. Осындай білікті мамандармен өтетін тағылымды кездесулердің арқасында болашақ тарихшылардың кәсіби шеберлігі шыңдалуда.

Қабылдау комиссиясы