Baitursynuly University Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Айнаш АНАСОВА "Тәжірибе синтезі: шеберлер мен педагогтар бірге" семинарында шеберлік сабағын өткізді.
Әдістемелік қонақжайды Қостанай облысы білім басқармасының "Әдістемелік орталығы" КММ ұйымдастырды. Іс-шараға 5 жылға дейінгі тәжірибесі бар педагогтар және олардың тәжірибелі әріптестері қатысты.
Тарих магистрі, педагог-зерттеуші, ҚӨУ-нің аға оқытушысы Айнаш Анасова озық технологиялар туралы айтып, жас мамандармен педагогикалық шеберліктің белсенді тәсілдерімен бөлісті.