object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 03:00:06.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Түлектерімізді көлік зауыттарында күтеді

Бүгінгі таңда машина өндірісі саласы мамандары бұрынғыдан әлдеқайда сұранысқа ие. Жұмыс орындары бар жерде – даму әлеуеті де бар. Ал Baitursynuly University-де осындай мамандарды даярлау үшін барлық жағдай жасалған.

Бұл туралы ҚӨУ басшылығы мен «СарыарқаАвтоПром» ЖШС жобаларын сүйемелдеу жөніндегі басшысы Ким Джин Хамен кездесуінде айтылды.

Машина өндірісі – ЖОО үшін басым бағыттардың бірі, өйткені біздің облыс осы салада көш бастап тұр, - деп атап өтті Baitursynuly University ректоры Сейітбек Қуанышбаев. - Біліктілікке талаптың болғанындай, мамандарға да қажеттілік өте жоғары.

Сондықтан біз көлік жасаушыларды даярлауда бай тәжірибесі бар кореялық жоғары оқу орындарына жүгіндік. Dong – Eui сұрауымызды қабыл алды, қазір онда екі студентіміз оқып жүр.

Келесі оқу жылында Кореяға бару үшін университетіміздің базасында тағы бір тобы корей тілін үйреніп жатыр.

Baitursynuly University осы жұмыстармен қатар материалдық-техникалық базаны нығайтуда. Жоспарда – студенттер практикалық дағдыларды пысықтай алатын соңғы техникамен жабдықталған зертхана ашу.

Қабылдау комиссиясы