object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-25 12:36:41.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Біздікілер Кореяда. Бәрі орындалды!

Baitursynuly University студенттері Оңтүстік Кореядағы оқуын аяқтады.  

Естеріңізге сала кетейік, ҚӨУ екінші курс студенттері Бейбарыс Батырғожин мен Темірлан САПАРБАЕВ алмасу бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореяның Dong-Eui университетінде білім алып жүр.

Олардың кәсіби бағыты – көлік құрастыру (бүгінгі таңда өте сұранысқа ие).  

Бүгін біздің жігіттерге Корей университетінде табысты оқығанын растайтын сертификаттар табысталды.

Бейбарысқа салтанатты түрде сөз берілді. Студентіміз атап өткендей: 

 "Бұл керемет мүмкіндік болды. Мен жаңа мәдениетке еніп, жүрегімде мәңгі қалатын ерекше тәжірибе алдым. Оңтүстік Кореяда құнды білім алып қана қоймай, корей тіліндегі дағдыларымды жетілдірдім. Университет оқытушылары мен қызметкерлеріне бейімделуіме және табысқа жетуіме көмектескен шыдамдылығы пен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Мен жаңа білім ғана емес, болашақта өзіме шабыт беретін жылы естеліктерді де айтып жүремін. Рахмет! 

Темірлан да туған университетіне өз алғысын жолдады. Куәлік табыстау рәсімінен кейін ол өзінің Instagram аккаунтында: «Рахмет, ҚӨУ!» деген жазба жариялады.  

Сендерге де рахмет, жігіттер! Құттықтаймыз да, мақтан етеміз!

Айта кетейік, жігіттер оқу барысында біздің жазылушыларымызбен үнемі пайдалы лайфхактарымен бөлісті. @baitursynuly_university Бұл кеңестер шетелде оқығысы келетін студенттерге өте пайдалы. 

Beibarys batyrguzhin @qeiba Youtube арнасында Кореядан түсірілген барлық бейнелер бар.  

Сен де әлемді шарлап, танып-білгің келе ме? Baitursynuly University-ге оқуға түс!
Бізде академиялық ұтқырлық туралы айтылып қана қоймай, ол жүзеге асады!  
Толық мәлімет ОСЫНДА @kru_kst_priyem, @kru_international
WhatsApp +7-775-155-04-00, +7-775-143-41-42

Қабылдау комиссиясы