object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 21:37:49.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Біздің бірегей дәрісханамыз

Baitursynuly university-де жаңа дәрісхана бар. Оны бірегей ететін не? Онда алдымен жұмыс істейтін студенттер оқитын болады. Екіншіден, оны біздің ғимараттардың ешқайсысынан таба алмайсыз - ол Allur university-де орналасқан.

Осы аптада жаңа білім кеңістігінің салтанатты ашылуы өтті. Аllur university басшысы Людмила ОЛКИНЯН атап өткендей, бұл білім, ғылым және бизнес интеграциясына негізделген кадрларды даярлаудың тың көзжиегі.

Аllur university заманауи өндірістің қажеттіліктерін қамту үшін инженерлер мен менеджерлерді даярлайтын болады.

"Қостанай автомобиль өнеркәсібінің астанасына айналуда, - деп атап өтті ҚӨУ ректоры Сейітбек ҚУАНЫШБАЕВ. – Университетіміз «Машина жасау» білім беру бағдарламасына студенттерді даярлауды 4 жыл бұрын ғана бастады, биыл алғашқы түлектеріміз бар."

 Мұндай мамандардың қажеттілігі өте жоғары екенін көріп отырмыз. Корпоративтік университеттің ашылуы кадр мәселесін шешуге көмектеседі.

ҚӨУ — Allur компаниясының негізгі серіктестерінің бірі. Студенттеріміз жоғары білімді тікелей автозауытта алады. Олар дуалды білім беру жүйесінің арқасында оқу мен жұмысты ұштастыра алады.

Қабылдау комиссиясы