object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-31 09:52:14.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Трансұлттық білімге апарар жол

Астанадағы Maqsut Narikbayev University қабырғасында «Қазақстанда трансұлттық білім беруді жүзеге асырудағы кедергілер және халықаралық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету» атты форум өтті.

Бұл кездесудің бастамашысы Британдық Кеңес болды. Форумға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Жоғары білімді дамыту орталығының, UK QAA сарапшыларының, ЖОО өкілдерінің қатысуымен маңызды талқылаулар өтті.

Интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық басқармасының басшысы Нагима МАНАСБАЕВА Baitursynuly University ұсынды.

Форум аясында интернационалдандыру саясатының жүйелі өзгерістері, трансұлттық білім беруді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, Қазақстанда оның сапасын арттыру мәселелері қарастырылды.

Сондай-ақ, ұлттық және халықаралық сарапшылар әзірлеген трансұлттық білім берудің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі негіздеме (TNE QAF) таныстырылды.

Бұл құжат университеттер, реттеуші органдар және трансұлттық білім беруді дамытуға мүдделі барлық тараптар үшін нұсқаулық бола алады.

Алдағы уақытта оны университеттердің тәжірибесіне және ұлттық білім беру саясатына интеграциялау жоспарланып отыр.

Қабылдау комиссиясы