object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-12 09:34:42.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Академиялық артықшылыққа апарар жол

Baitursynuly University ректоры Сейтбек Қуанышбаев Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқалы отырысында «Мамандар даярлау – бәсекеге қабілетті экономиканың және тұрақты дамудың негізі: инновациялар, технологиялар және өнеркәсіппен ынтымақтастық» тақырыбында баяндама жасады.

ӨҢІРЛІК МАМАНДАР

Сейтбек Бекенұлы өз баяндамасында «Өңірлік университеттің инновациялық экожүйесі» тақырыбын қозғады. Ректор Қостанай облысы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені мен машина жасау саласындағы экономикалық өсуін тұрақты түрде жалғастырып, өз позициясын нығайтып келе жатқанын атап өтті.

Қазіргі уақытта Қостанай облысында «Allur», «KamLitKZ», «Агромаш», «Ростсельмаш» зауыттары сәтті жұмыс істеуде.

Осы жылы өңірде «KIA Qazaqstan» зауытының ашылуы жоспарланған.

- Өңірге қажетті білікті мамандарды даярлау мақсатында ҚӨУ-де келесі қадамдар жасалды:

  • 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап АҚШ-тың Миннесота университетімен бірлескен «Computer Science» қос дипломды бағдарламасы іске қосылды.

Бұл бағдарламаға 10 студент қабылданып, олардың оқуын Қостанай облысы әкімдігі қаржыландырады. Студенттер Миннесота университетінің жетекші профессорларынан білім алып, ағылшын тілі бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтуде.

  •  Оңтүстік Кореяның Dong-Eui университетімен халықаралық ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

 Академиялық ұтқырлық бағдарламасы  аясында жыл сайын 10 студент білім алады. Бұл студенттердің оқу шығындарын Dong-Eui университеті қаржыландырады.

  •  2024 жылғы 28 тамыздағы министрлер кездесуі аясында машина жасау бойынша қос дипломды бағдарламаны жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.

  2025 жылы бұл бағдарламаға 10 студент қабылдау жоспарлануда, олардың оқуын университет өз қаражаты есебінен қаржыландырады.

  •  2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен бірлескен «Агрономия» ББ бойынша қос дипломды бағдарлама  іске қосылды.

10 оқытушы, магистрант және докторант шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтіп, біздің университетімізде Қытайдан келген 4 магистрант ғылыми тағылымдаманы сәтті аяқтады.

Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ келесі халықаралық университеттермен мамандар даярлау бағытында тығыз ынтымақтастық орнатты:

ДУАЛДЫҚ ЖҮЙЕ

Университетте дуалды оқыту жүйесі енгізіліп, студенттердің зауыттар мен кәсіпорындарда бейімделуі жеңілдетіліп, жұмысқа орналасу мүмкіндігі артты.

Дуалды оқыту бағдарламасы аясында студенттер келесі кәсіпорындарда оқып, жұмыс істейді:

  - Жас мамандардың өндірістік қызметке жедел бейімделуі үшін университет «Колледж-Университет» интеграциялық білім беру бағдарламасын әзірледі - деп атап өтті ректор Сейтбек Бекенұлы.

Осыған сәйкес, бакалавриаттың 17 бағдарламасының оқу мерзімі 2 жылға, ал қолданбалы бакалавриаттың оқу мерзімі 1,5 жылға қысқартылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бұл жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Осыған байланысты ҚӨУ-дің техникалық мамандықтарында оқитын студенттер өндірістік тәжірибеден өту кезінде қосымша жұмысшы мамандықтарын меңгеруге мүмкіндік алды.

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТ

Сейтбек Бекенұлы университеттің ғылыми қызметіне жеке тоқталды:

- Қостанай облысы - ауыл шаруашылығы басымдыққа ие өңір. Осыған байланысты университет білім мен ғылымды интеграциялауды, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуды және оқытушылардың кәсіби деңгейін көтеруді мақсат етіп отыр.

Қазіргі уақытта университетте 12 ғылыми жоба жүзеге асырылуда.

2024 жылдан бастап университеттің тәжірибелік алаңдарында Қытайдан әкелінген картоп, бидай, рапс және жүгерінің жаңа сорттары сынақтан өткізілді. Өңір климатына бейімделген сорттар анықталды.

Бұл зерттеулер топырақтың құнарлылығын арттыру және ауыл шаруашылығында ғылыми жаңалықтарды енгізу бағытында жаңа мүмкіндіктер ашты.

Аталған бірлескен жобалар өңірде егіншіліктің дамуына және Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етеді.

Бұдан бөлек Аризона университеті (АҚШ) ғалымдарымен бірлесіп, дәнді дақылдардың сапасын жақсарту бойынша зерттеулер жүргізуге дайындық басталды. Жоба М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетімен бірлесіп жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда университеттің ғылыми-техникалық базасын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылдың 12 сәуірінде - Ғылым күніне орай - жаңа заманауи технопарк ашу жоспарланған. Бұл технопарк ғылыми зерттеулер мен өндірістік процестердің тиімді интеграциясын қамтамасыз етіп, өңірдің технологиялық дамуына жаңа серпін береді.

Университеттің «Smart-орталығы» инновациялық экономиканы дамыту, кәсіпкерлікті ынталандыру және ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру мақсатында жұмыс істеуде.

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

Қорытындылай келе, Сейтбек Бекенұлы мына мәселелерді атап өтті:

- Қостанай өңірінің агроөнеркәсіптік дамуында өңірлік университеттердің экожүйесі маңызды рөл атқарады.

Халықаралық білім беру бағдарламаларын іске қосу, дуалды оқыту жүйесін енгізу және ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру өңірдің кадрлық әлеуетін арттырып, технологиялық прогресті жеделдетеді.

Ғылым мен өндірістің тиімді интеграциясы өңірдің экономикалық өсуін нығайтып, ауыл шаруашылығы мен машина жасау салаларында жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бұл бастамалар Қостанай облысының инновациялық әлеуетін арттырып, академиялық артықшылық орталығын құру арқылы жоғары білім мен ғылыми-зерттеу қызметінің жетекші орталықтарының біріне айналдыруға мүмкіндік береді.

ЖОҒАРЫ БАҒА

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҚӨУ ректорының баяндамасына жоғары баға берді:

- ҚӨУ - шағын өңірлік университет болғанына қарамастан, мұнда біз ұсынған мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып келеді, - деп атап өтті министр. – Олар дуалды оқыту жүйесіне көшуде, бұл өте қызықты формат. Студенттер өндірістік оқу кезеңінде кәсіби дағдыларды меңгереді.

Костанай облысындағы колледждер мен университеттің білім беру бағдарламалары үйлестіріліп, бұл оқу мерзімін 1,5-2 жылға қысқартуға мүмкіндік берді.

ҚӨУ-дің серіктесі болып табылатын Dong-Eui университеті - автомобиль өнеркәсібі саласындағы бірегей оқу орны. «Автомобиль өнеркәсібінің инжинирингі» атты бірлескен білім беру бағдарламасы дуалды форматта «KIA Qazaqstan» зауытының талаптарына арнайы бейімделген.

Студенттер университетке оқуға түсіп, өндірісте жұмыс істей бастайды, осылайша теориялық білім мен практикалық оқытуды тиімді үйлестіреді.

Қабылдау комиссиясы