Полиция департаментінің қызметкерлері ҚӨУ аграрлық техника және көлік кафедрасының студенттерімен кездесті.
Аға инспектор Серикпай КАДИРБАЕВ пен инспектор Махаббат ХУСАИНОВА «Көлік, көліктік техника және технологиялар» бағдарламасының бітіруші курс студенттерін жол-техникалық инспекция бөліміне практикаға шақырды және жұмысқа орналасу перспективалары туралы айтып берді.
Студенттер полициядағы жұмыстың ерекшеліктері, сондай-ақ жұмысқа орналасу кезінде қойылатын талаптар туралы белсенді түрде сұрақтар қойды.