object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 04:34:40.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ЖЕТІСТІККЕ ҚАРАЙ: түлектерімізді театрда күтуде

Бүгін Baitursynuly University мен Қостанай облыстық қуыршақ театры ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Бұл біздің студенттер үшін практикалық тәжірибе алуға және диплом алғанға дейін жұмыс орнын анықтауға тамаша мүмкіндік.

Қазіргі балалар заманауи гаджеттерді ұнататынына қарамастан, Қостанайда танымал қуыршақ театры бар, - деп атап өтті Baitursynuly University ректоры Сейітбек Бекенұлы Қуанышбаев. – Біздің оқу ордамыз «Актерлік шеберлік» бағыты бойынша мамандар даярлап жатқанын атап өткім келеді, сондықтан біз ынтымақтастыққа қол жеткізгенімізге қуаныштымыз.

Облыстық қуыршақ театрының басшысы Мәди Мейрамханұлы Нұрмұхамбетов өнер ордасына кәсіби актерлер жетіспейтінін және меморандум кадр мәселесін шеше алатынын атап өтті.

А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ түлектері театрларда да, кинода да сұранысқа ие.

➡Қабылдау шарттары туралы толығырақ @kru_kst_priyem сайтынан білуге болады.

  

Қабылдау комиссиясы