«ЖасSTAR» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі аясында Нұрсұлтан Назарбаев қоры стипендиаттарының есімдері жарияланды. Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтытың «Химия-Биология» ББ-ның 4 курс студенті Оғабек Шамитдинов «Ғылым» бағыты бойынша жеңімпаз атанды. Оғабек бір жыл бойы ай сайын 40 мың теңге көлемінде шәкіртақы алатын болады.
Конкурс 2022 жылдың 18 сәуірі мен 30 маусым аралығында өтті. Барлығы байқауға 293 студент қатысуға ниет білдірді. «Өнер және мәдениет» бағыты бойынша 25 оқу орнынан 112 өтінім, ал «Ғылым» бағыты бойынша 40 университеттен 181 өтінім түскен. Байқауға қатысушылар академиялық және жеке жетістіктері бар портфолио ұсынды. Конкурс қорытындысы бойынша 80 студент іріктеліп алынды. Жеңімпаздарға салтанатты түрде сертификаттар табысталды.
Байқау еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері үшін өте маңызды. Жастардың ғылыммен, шығармашылықпен айналысуға ынтасы артады, салауатты бәсекеге қабілеттілігі дамиды, сонымен қатар материалдық көмек алады.