object(DateTime)#1033 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-01-27 04:19:28.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Ойға алған іске асады

Экономика және құқық факультетінің экономика және қаржы кафедрасында «Кәсіпкерлік ойлау қабілеті» атты семинар-тренинг өтті.

Іс-шара әдістемелік инновациялар айы аясында ұйымдастырылып, оны аға оқытушы Вера ШМИДТ жүргізді. Оған оқытушылармен қатар «Қаржы» және «Экономика» ББ студенттері қатысты.

Семинарға онлайн форматта Ұлыбританиялық сарапшы Сергей Бабенко қатысты. Ол – University of Huddersfield (Ұлыбритания) магистрі, әлемдік кәсіби есепшілер қауымдастығының (FCCA) құрметті мүшесі және Aston University университетінде «Стратегиялық қаржы және бухгалтерия» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік саласында докторантурада оқып жүрген маман. Шетелдік сарапшы шағын компаниялардың өсу мүмкіндіктерін нақты мысалдармен көрсетті.

Сондай-ақ студенттерге кәсіпкерлік ойлау қабілетінің ерекшеліктері мен оның кәсіби дамудағы маңызы туралы түсіндірілді.

Тренингке белсенді қатысқан студенттерге демеушілер атынан бағалы сыйлықтар табысталды.

Қабылдау комиссиясы