object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-10-20 17:24:41.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Монографияның тұсаукесері

Л.Толстой атындағы облыстық кітапхананың әдеби залында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің қауымдастырылған профессоры Ерден Ибраевтың «Қазақстан кинематографы: тарихи ретроспектива» атты монографиясының тұсаукесері өтті, онда автор монографияны құру, оның ғылыми-тарихи білім жүйесіндегі орны, университеттің оқу қызметінде қолданылуы туралы айтты.

Тұсаукесерге Қостанай, Алтынсарин және Әулиекөл аудандарының мектептерінің оқушылары онлайн режимде қатысты. Диалог барысында Ерден Ибраев және оның әріптестері, кафедра студенттері мен магистранттары мектеп түлектеріне «6В02201 – Тарих» білім беру бағдарламасы туралы айтып берді. Дөңгелек үстелдер, шағын конференциялар, тарихи квесттер, авторлық бейнежобалар жасау сияқты сабақты қызықты оқыту әдістері жайында әңгімеледі. Сондай-ақ кафедрада «Тарих түні», «Этнофестиваль», «мұражай квесті» сияқты іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Өз кезегінде 2 курс студенттері барлық курс студенттері үшін ерекше әсер қалдырған археологиялық тәжірибедегі қызықтарымен бөлісті.

Іс-шара соңында кітаптың бір данасы Л.Толстой атындағы облыстық кітапханаға сыйға тартылды.

Қабылдау комиссиясы