2016 жылдың 29 қыркүйегінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситетінде Erasmus+ Еуроодақ тарапынан қаржыландырылатын халықаралық ACADEMICA 561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP жобасы бойынша кезекті кездесу-мониторинг өткізілді. Кездесу барысында шетелдік (Валенсия қ. Политехникалық Университеті, Испания; Гильермо Маркони Университеті, Италия) және қазақстандық (А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті) Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Көкшетау мемлекеттік университеті, Қазақстандық инженерлік білім беру қоғамы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты) серіктестестердің есеп беру баяндамалары тыңдалды.
Жоба үйлестірушісі Мария Монова-Желева (Бургас еркін университеті, Болгария) мониторинг барысымен танысып, Erasmus+ кеңсе сарапшысы Наренов Н.М. сауалдарына жауап беріп, скайп-сессия арқылы белсенді қатысты. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт өкілдері М.В. Сухов, Н.Ю. Кифик және В.В. Данилова жобаның тұрақты дамуы және оның жетілу деңгейлері мен болашағы айқындалатын есеп дайындады. Михаил Васильевич аталмыш мәселе бойынша ауызекі хабарлама жасап, дәлелді жауап қайтарды. Алдын-ала жасалған мониторингтің әрбір қатысушысы халықаралық жобаның дамуы мен нәтижелілігін бағалады.